АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/98 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» және № 60/99 «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулыларына, сондай-ақ Жарқайың аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 43/34 «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жарқайың аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, «Жарқайың тынысы» газетінің редакциясы Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарға сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін газет беттерінен орын ұсынады.
Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру туралы шарттар жасасу кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін басталады.
Газет бетіндегі 1 шаршы сантиметр орынның құны — 150 (жүз елу) теңге.
Газет беттерінің басып шығару форматы:
2, 3, 6 және 7-беттер — ақ-қара түсті;
4, 5 және 8-беттер — түрлі-түсті.
Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарға газет бетінен орын беру үшін тиісті сайлау комиссиясының кандидатты тіркеу туралы шешімі және бұқаралық ақпарат құралының басшысының атына жазылған жазбаша өтініш негіз болып табылады.
Материалдар жариялауға дайын баспа нұсқасында (әр парақта кандидаттың немесе оның сенімді өкілінің қолы қойылған) немесе электрондық тасымалдағышта қабылданады.
Кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдары 100 пайыз алдын ала төлем жасалғаннан кейін, материалдардың редакцияға келіп түсу кезектілігіне және «Жарқайың тынысы» газетімен жасалған шарттарда келісілген жариялау күндеріне сәйкес жарияланады.
Редакция кандидаттардың сайлауалды бағдарламалары мен үгіт материалдарын әзірлеу және жариялау кезінде Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасының талаптарын, оның ішінде сайлауалды үгітті қаржыландыруға қатысты талаптарды сақтау қажеттігін ескертеді.
Мазмұны Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының және сайлауалды үгіт жүргізуді реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін материалдар жарияланбайды.
«Жарқайың-Баспасөз» ЖШС директоры С. Ж. Айтпаев