«Қазалы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы» Қазалы аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №АСК-102/224 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14, 22-баптарына сәйкес және «Сайланатын мәслихатын депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі №21/323 қаулысын,  Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы отырысының 2026 жылғы     13 қазандағы №87/606 хаттамасын негізге алып, Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазалы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы» Қазалы ауданыдық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №АСК-102/224 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы Қазалы аудандық мәслихатына және тиісті округтік сайлау комиссияларына жолдансын.

3. Осы қаулы Қазалы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/documents/details/1085496?lang=kk