Бүгінгі таңда департаментте және оның аумақтық бөлімшелерінде барлығы 124 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Оның ішінде департаментте – 42, 1 қалалық басқармада – 35 және 7 аудандық басқармада – 47 мемлекеттік қызметші бар.
2026 жылдың ағымдағы кезеңінде Атырау облысы ДСЭК мемлекеттік қызметшілері тарапынан Әдеп кодексін бұзу фактілері тіркелген жоқ.
Есепті кезеңде Әдеп жөніндегі уәкіл аумақтық бөлімшелерге 10 рет іссапармен барып, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ аумақтық басқармалардың ұжымдарымен кездесулер өткізді. 30 мемлекеттік қызметшіге консультативтік көмек көрсетілді.
Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша барлығы 20 түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Оның ішінде 10 семинар мен дәріс ұйымдастырылып, 10 материал интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram) жарияланды.
Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желілерде олардың беделіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік қызметші ретінде абыройын түсіретін және қоғам тарапынан сынға себеп болуы мүмкін фотосуреттер мен бейнежазбаларды жариялауға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін теріс жарияланымдар анықталған жоқ.
Атырау облысы ДСЭК-тің ресми интернет-ресурсында департамент және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларын сақтауына қатысты онлайн-сауалнама орналастырылған. Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттер қызметкерлердің азаматтармен қарым-қатынас жасау кезіндегі әдептілігін оң бағалаған.