2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қостанай облысы Жангелдин ауданының мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспары және аумақтық, округтік пен учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын, сайлау округтерінің тізімдерін, олардың шекаралары мен сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ЖАНГЕЛДИН АУДАНЫНЫҢ

АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫ

 

 

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

ТЕРРИТОРИАЛЬНАЯ    ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ КОМИССИЯ

ДЖАНГЕЛЬДИНСКОГО РАЙОНА

 

110600,Торғай ауылы,

Тоқтабаева көшесі, 50

 

                   110600, село Торгай,

                   ул. Токтабаева, 50

 

         тел.: 8 (714-39) 21-4-40

 

 

               ҚАУЛЫ                                                                             ПОСТАНОВЛЕНИЕ

13.10.2026 ж. № 29                                                        № 29  от 13.10.2026 г

 

 

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

Қостанай облысы Жангелдин ауданының мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспары және аумақтық, округтік пен учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын, сайлау округтерінің тізімдерін, олардың шекаралары мен сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы

 

      «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан   Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіті туралы» қаулысының 2-тармағына сәйкес, Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жангелдин аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

     2. Осы қаулының № 1 қосымшасы Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясяның интернет-парақшасында орналастырылсын.

     3. Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, сондай-ақ сайлау округтерінің шекаралары мен сайлау комиссияларының орналасқан жерлері көрсетілген тізімдерін заңда белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

 

     Комиссия төрағасы                                                                   Е. Жақып

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/documents/details/1084555?lang=kk