«Сарысу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Сарысу аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 4-тармағына,
14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1, 3 - тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі №21/323 қаулысының негізінде Сарысу аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Сарысу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №1 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1.1. Сарысу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің саны 12 (он екі) болып белгіленсін және шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Сарысу аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Сарысу аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Сарысу» газетінде жариялансын.
- Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Д. Шортанбаев
Хатшы М. Кумісбеков
Жаңатас қаласы,
13 қазан 2026 жыл
№9
Сарысу аудандық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 13 қазандағы №9
қаулысына қосымша
Сарысу аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары
№1 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жаңатас қаласы, 1-шағынаудан, №27, «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Сарысу ауданындағы №26 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Жаңатас қаласы.
Құрамына №363 сайлау учаскесінің шекаралары кіреді.
№2 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жаңатас қаласы, 2-шағынаудан, №15, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Сарысу ауданының білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Жаңатас қаласы.
Құрамына №364 сайлау учаскесінің шекаралары кіреді.
№3 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 3-шағынаудан, №36, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Жаңатас қаласы.
Құрамына №365 сайлау учаскесінің шекаралары кіреді.
№4 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Қ.Шағыров көшесі, №2В, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Жаңатас қаласы.
Құрамына №366 сайлау учаскесінің шекаралары кіреді.
№5 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 6-шағынаудан, №20, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің Абылай хан атындағы мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Жаңатас қаласы.
Құрамына №367 сайлау учаскесінің шекаралары кіреді.
№6 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, С.Мұқанов көшесі, №1А ғим., «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жаңатас көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
Шекаралары: Жаңатас қаласы, Түркістан ауылдық округінің Ә.Бүркітбаев, Үшбас, Арыстанды ауылдары.
Құрамына №527, №386 және №387 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№7 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Әль-Фараби көшесі, №1, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Жаңатас қаласы.
Құрамына №368 және №369 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№8 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Ұ.Сыздықбаев көшесі, №6 ғим., «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Сарысу ауданындағы №28 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Байқадам ауылдық округінің Саудакент ауылы, Жаңаталап ауылдық округінің Ұйым және Жаңаталап ауылдары.
Құрамына №370, №372 және №373 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№9 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарысу ауданы, Өндіріс ауылы, Жұмабеков көшесі, №21, Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Өндіріс ауылдық клубының ғимараты.
Шекаралары: Байқадам ауылдық округінің Саудакент ауылы, Игілік ауылдық округінің Өндіріс және Игілік ауылдары.
Құрамына №371, №374 және №375 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№10 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарысу ауданы, Ұ.Сыздықбаев ауылы, Р.Қабылұлы көшесі, №4, «Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Ұ.Сыздықбаев ауылдық клубының ғимараты.
Шекаралары: Жаңаарық ауылдық округінің Ұ.Сыздықбаев және Ақтоғай ауылдары.
Құрамына №379 және №380 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№11 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарысу ауданы, Жайылма ауылы, К.Донбайұлы көшесі, №2а, «Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жайылма ауылдық клубының ғимараты.
Шекаралары: Жайылма ауылдық округінің Жайылма, Ақтам, Қызылдихан және Маятас ауылдары.
Құрамына №376, №377 және №378 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№12 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарысу ауданы, Тоғызкент ауылы, Саңырақ батыр көшесі, №10, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің Түгіскен орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Тоғызкент ауылдық округінің Тоғызкент, Әбілда және Майлыкөл ауылдары, Досбол ауылдық округінің Досбол, Шағалалы, Кіші Көкдала және Үлкен Көкдала ауылдары, Қамқалы ауылдық округінің Шығанақ, Қамқалы және Жайлаукөл ауылдары.
Құрамына №381, №382, №383, №384 және №385 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.