Жөлек ауылдық округі бойынша тұрғын үй саны 297, халық саны 1648 адам. Ауылда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Ауыз су, аяқ су, электр жарығы, көгілдір отын және басқада мәселелер өз шешімін тапқан.
Әлеуметтік сала бойынша, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік көмек көрсету және ыстық тамақпен қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін білім алушыларға көмек көрсету мақсатында жұмыстар жүргізілді. Акция шеңберінде жалпы 15 оқушыға мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтары мен мектеп сөмкелері таратылды. Аталған көмек оқушылардың жаңа оқу жылына қажетті құралдармен қамтамасыз етілуіне қолдау көрсетуге бағытталды.
Жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен әлеуметтік қолдауды қажет ететін білім алушыларға біржолғы қаржылай көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 48 оқушыға 50 851 теңге мөлшерінде қаржылай көмек тағайындалып, төленді.
Сонымен қатар, 3 отбасының құжаттары тексеріліп, ұсынылған мәліметтер зерделенді. Құжаттарды қарау нәтижесінде аталған отбасыларға қаржылай көмек тағайындалмады.
Мектепте білім алушыларды сапалы әрі уақтылы ыстық тамақпен қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта мектеп бойынша 93 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Оның ішінде:1–4-сыныптар аралығында – 75 оқушы; 5–9-сыныптар аралығында – 18 оқушы.
Тұрмысы төмен отбасылары үнемі бақылауға алынып, қолдау шаралары көрсетіліп, ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен ауылымыздың жанашыр жеке кәсіпкерлері демеушілік көрсетіп, үнемі әр мереке күндеріне орай, ауылдың тұрмысы төмен отбасыларына азық-түлікпен көмектер ұдайы көрсетіліп келеді
Ауылдық округі бойынша ақылы қоғамдық жұмыспен 15 адам қамтылды. Жастар тәжірибесімен 4 адам орналасты.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауылда үнемі сенбілік жұмыстары жүргізіліп келеді.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту барысы туралы: тіркелген субъектілер саны 95, оның ішінде жетсе, оның: 30 шаруа қожалықтар, 65 -і жеке кәсіпкерлер.
«Ауыл Аманаты» жобасы бойынша мал шаруышылығын дамыту масқатында 2 жоба мақұлданып, 1 адам 2,5 пайыздық өсіммен 8000000 теңге несие алса, 1 адам 8000000 теңге несие алып өз кәсібін жүргізуде.
Жөлек ауылдық окургі бойынша салықтық түсімдер 8700000 теңге. Көлік құралы салығы 5 100000 теңге, мүлікке салынатын салықтар 100000 теңге, бірыңғай жер салығы 200 000 теңгеге ұлғайды.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша, мал шаруашылығы бойынша МІҚ 5299 бас, уақ мал –3485 бас, жылқы 1124 бас, түйе 255 бас бар.
Мәдениет саласы бойынша, «Адал адам» мәдени тәрбие беру бағдарламасына сәйкес, «Арт уақыты» жобасы Жөлек ауылыдқ округі әкімдігінің қолдауымен «Тәуелсіздік ақ таңы» атты балалар арасында облыстық патриоттық әндер байқауы өткізілді.
Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 95 жыл болуына орай, «Ғасыр ақыны-Мұқағали» атты жазба ақындар арасында аудандық байқау өткізілді,
«1-маусым Халықаралық бюалаларды қорғау күніне орай, «Балалақықтың балғын дәмі» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде аталып өтті.
«Жөлек»бөбекжай-бақшасы» КМҚК ауылдағы үздіксіз жұмыс жасап келе жатқан мекеменің бірі болып саналады. Бөбекжай-бақшасында 45 бала тәрбиеленіп жатыр.Балабақшада 3 тәрбиеші ,2-тәрбиеші көмекшісі, меңгеруші, психолог және басқада мамандар барлығы-12.
«Жөлек бөбекжй-бақша» КМҚК 152 орта мектебінің бір бөлігіне орналасты.
Денсаулық сақтау саласы бойынша, Жөлек Дәрігерлік Амбулаториясы 2019 жылы типтік жобада салынып,пайдалануға берілген ,амбулаторияда 1 жоғарғы білімді дәрігер, 6 орта буын қызметкері, 3 кіші буын қызметкері жұмыс атқарады.барлығы 10 адам. Барлық қабылданған науқастар саны -3896, ауруына байланысты – 1721. Профилактикалық көру-2175 адам.
Үйде көрілгендер саны - 978 адам. Оның ауруына байланысты – 249. Профилактикалық көру -729. Оның ішінде Патронаж – 4, Д есепте тұратын науқастар саны – 363. Тегін рецептермен қамтылған адамдар саны - 789
Флюрографиялық тексерудан өткендер саны – 679. Табылған науқас – жоқ. Күндізгі стационар ем алғандар – 91.
Туылған сәбилер саны-20. Жалпы қайтыс болғандар саны -7