«Меркі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Меркі аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 4-тармағына,
14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1, 3 - тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі №21/323 қаулысының негізінде, Меркі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Меркі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №01 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1.1. Меркі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің саны 15 (он бес) болып белгіленсін және шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Меркі аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Меркі аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Меркі Ақиқат» газетінде жариялансын.
- Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ш. Абылкасымов
Хатшы О. Тойбаев
Меркі ауылы
№11 қаулы
13 қазан 2026 жыл
Меркі аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
2026 жылғы 13 қазандағы
№11 қаулысына қосымша
Меркі аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары
№1 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Ақтоған ауылы, С.Қосбармақов көшесі №57, Ақтоған ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Ақтоған ауылдық округінің Ақтоған, Қазақдихан және Рысқұлов ауылдық округінің Рысқұлов және Интернациональный ауылдары. Құрамына №269, №528, №287 және №288 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№2 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Жамбыл ауылы, Ә.Ысмаилов көшесі №153А, Аудандық орталық кітапхананың ғимараты.
Шекаралары: Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл және Жеміс-жидек ауылдары.
Құрамына №270 және №273 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№3 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Жамбыл ауылы, Ә.Ысмаилов көшесі №146, «Меркі ауданының білім бөлімінің А. Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл, Тұрлыбай батыр және Талдыбұлақ ауылдары.
Құрамына №271, №272 және №274 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№4 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Меркі ауылы, Ә.Ысмаилов көшесі №167, «Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын ғимараты.
Шекаралары: Меркі ауылдық округінің Меркі ауылы және Меркі шипажайы.
Құрамына №275 және №278 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№5 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Меркі ауылы, Ә.Ысмаилов көшесі №222, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
Шекаралары: Меркі ауылдық округінің Меркі ауылы.
Құрамына №276 және №277 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№6 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Меркі ауылы, Ә.Ысмаилов №258, балалар мен жасөспірімдердің «Үміт» сарайының ғимараты.
Шекаралары: Меркі ауылдық округінің Меркі ауылы.
Құрамына №279 және №477 сайлау учаскелерінің шекарасы кіреді.
№7 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылы, С.Омарходжаев көшесі №2, «Меркі ауданының білім бөлімінің А.Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Сарымолдаев ауылдық округінің Сарымолдаев ауылы.
Құрамына №280 және №281 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№8 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылы, С.Омарходжаев көшесі №1, №9 Меркі колледжінің ғимараты.
Шекаралары: Сарымолдаев ауылдық округінің Сарымолдаев, Екпінді және Ойтал ауылдары.
Құрамына №478, №282 және №283 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№9 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Ақермен ауылы, Төлеби көшесі №27, Ақермен ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Ақермен ауылдық округінің Ақермен, Ақкөз-қайнар, Алтын арық және Кентай ауылдары. Аспара ауылдық округінің Аспара, Қайыңдысай және Құмарық ауылдары. Тәтті ауылдық округінің Тәтті, Қарасу, Беларық, Ақжол ауылдары, Тәтті станциясы, Шемен және Тасөткел разъездері.
Құрамына №300, №301, №302, №303, №304 және №305 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№10 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Ойтал ауылы, Парковая көшесі №1, Ойтал ауылдық клубының ғимараты.
Шекаралары: Ойтал ауылдық округінің Меркі станциясы.
Құрамына №285 және №286 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№11 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Ойтал ауылы, Достық көшесі №19, «Меркі ауданының білім бөлімінің №48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Ойтал ауылдық округінің Ойтал және Маханды ауылдары.
Құрамына №284 және №479 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№12 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Ақарал ауылы, Сейтімбет көшесі №15, «Меркі ауданының білім бөлімінің №5 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Ақарал ауылдық округінің Ақарал және Сыпатай ауылдары. Сұрат ауылдық округінің Сұрат, Аққайнар және Тескентоған ауылдары.
Құрамына №289, 290, №291 және №292 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№13 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Қостоған ауылы, Р.Құлбаев көшесі №78, Қостоған ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Жаңатоған ауылдық округінің Қостоған, Мыңқазан, және Қызылсай ауылдары. Кеңес ауылдық округінің Кеңес және Жауғаш батыр ауылдары.
Құрамына №293, №294, №295, және №299 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№14 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Андас батыр ауылы, А.Шотаев көшесі №44, «Меркі ауданының білім бөлімінің №21 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Андас батыр ауылдық округінің Андас батыр ауылы және Шалдабар станциясы.
Құрамына №296 және №480 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№15 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Қызыл қыстақ ауылы, Қарпық батыр көшесі №38, «Меркі ауданының білім бөлімінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Андас батыр ауылдық округінің Қызыл қыстақ, Арал қыстақ және Гранитогорск ауылдары.
Құрамына №297 және №298 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.