«Бұқар жырау аудандық
мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қоса беріліп отырған «Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 9 «Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Мәслихат төрағасы А. Әли