Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

  1. Тергеу жүргізудің негізі: 2026 ж.07.10., шұғыл хабарлама, диагноз: S00.5 коды.   
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: - ҚР ДСМ СЭБК Павлодар облысының СЭБД «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
  4. Тергеп-тексеру жүргізу: 2026 ж. 07.10. бастап 2026 ж. 13.10. дейін.
  5. 5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК.  Павлодар қ, Щедрин кошесі, 63.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: пациентке антирабиялық көмек көрсетілмеген, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығымен бекітілген «Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу талаптары» санитариялық қағидаларының 6-тарауы 129-тармағы, 130- тармағы талаптарын, бұзушылық болып табылады. Зардап шеккен адамға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама жіберілмеген, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 26 қазандағы «Жұқпалы аурулар мен улану жағдайлары туралы ақпаратты (шұғыл хабарламаны) санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік органға ұсыну қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығының 2-тарауы 4-тармағы талаптарын, бұзушылық болып табылады.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке тұлға (резидент-дәрігер-травматолог).
  8. Қабылданған шаралар: ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен айыппұл салынды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/documents/details/1084238?lang=kk