Екібастұз қалалық мәслихаты төрағасының міндетін жүктеу туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабының                5 тармағына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Кезекті еңбек демалысына шығуыма байланысты 2026 жылдың 6 тамызынан бастап 20 тамыз аралығында Екібастұз қалалық мәслихаты төрағасының міндетін атқаруды қалалық мәслихаттың құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Жетписбай Кайырбекович Жакуповқа жүктеймін.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

      Екібастұз қалалық

 мәслихатының төрағасы                                                              Н. Макраев

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/documents/details/1053806?lang=kk