2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік көрсеткіштері болжамының және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының негізінде жүзеге асырылады.
2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті нақтылау 2026 жылғы қазан айына жоспарланып отыр.
2026 жылға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері:
Аудандық бюджетке жоспарланған түсімдер – 6 829 448,4 мың теңге, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 3 809 495,0 мың теңге;
Салықтық емес түсімдер – 102 391,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 18 931,6 мың теңге;
Трансферттер түсімі – 2 898 630,8 мың теңге;
Функционалдық топтар бойынша шығыстар, барлығы 7 310 287,6 мың теңге, оның ішінде:
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 736 901,3 мың теңге;
Қорғаныс – 30 344,1 мың теңге;
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі – 31 042,4 мың теңге;
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру – 803 048,0 мың теңге;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 1 827 197,2 мың теңге;
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 815 404,1 мың теңге;
Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану – 36 743,3 мың теңге;
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары – 490 825,9 мың теңге;
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі – 78 973,8 мың теңге;
Көлік және коммуникация – 843 989,4 мың теңге;
Басқалар – 31 371,5 мың теңге;
Борышқа қызмет көрсету – 99 380,0 мың теңге;
Трансферттер – 1 485 066,6 мың теңге.