Рыбкино ауылындағы тұрғындар жиналысының хаттамасы

ХАТТАМА  

Рыбкино ауылының тұрғындарының жиналысын өткізу туралы

 

                                                                                            2026 жылғы 08 қазан

                                                                                                      1000 сағат

 

Төраға: А. Штраух – Смирнов ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы

Хатшы: К. Каримова - ауылдық округтің бас маманы

Қатысушылар: Рыбкино ауылының тұрғындары, полицияның учаскелік инспекторы – Н. Алимжанов.  

Қатысқандар - 20 адам.

Өткізу орны: орталық дүкен

 

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. 2026 жылдың 9 айындағы ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын орындау қорытындылары.
  2. 2026-2027 жж. жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау».
  3. «Алдағы қысқы кезеңде қауіпсіздік».
  4. «Сақ болыңыз! Жұқа мұз!».
  5. «Қауіпсіз үй».

Сөз алғандар:

  1. Ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы – А. Штраух 2026 жылдың 9 айындағы ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын орындау туралы айтты. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы «Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ауданның су нысандарындағы қауіпсіздік ережелерін қатысушыларға жеткізді;
  2. Полицияның учаскелік инспекторы – Н. Алимжанов 2026 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыс туралы есеппен сөз сөйледі, сондай-ақ «Қауіпсіз үй» жедел іс-шарасы бойынша ақпарат жеткізді.
  3. Сайпенова Татьяна Айдарбековна – үй шаруасындағы, сұрақ: жолды қашан жөндеуге кіріседі? Жауап: әкім міндетін атқарушы Штраух А.А. Жобалық-сметалық құжаттама дайын, қаржыландыруды күтіп отырмыз.
  4. Колесникова Любовь Анатольевна – сатушы, сұрақ: АМС қашан қосылады? Жауап: әкім міндетін атқарушы Штраух А.А. Құрылыс және қосу жұмыстары әлі аяқталмады, жыл соңына дейін станция қосылады.

ШЕШТІК:

  1. 2026 жылдың 9 айындағы ауылдық округ әкімінің жұмысын мақұлдау. Өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды, сондай-ақ су нысандарындағы қауіпсіздік ережелерін ескеруға алу.
  2. 2026 жылдың 9 айындағы учаскелік инспектордың жұмысын мақұлдау.

 

 

 

 

           Төраға____________________А. Штраух

 Хатшы ____________________К. Каримова

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-smirnov/documents/details/1084038?lang=kk