2026 жылғы 13 қазанда Меңдіқара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы комиссия мүшелерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізді.
Кеңес барысында мүшелер Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындау туралы қаулысын қарап, сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар кестесін бекітті.
