Ерейментау аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 36/113 Ерейментау аудандық сайлау комиссиясының қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ерейментау аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 36/113 Ерейментау аудандық сайлау комиссиясының қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 3-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 2 «Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 07 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің негізінде Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 қазандағы № 36/113 «Ерейментау аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

- қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Ерейментау аудандық

сайлау комиссиясының төрайымы                                           З.Жүсіпова

 

Ерейментау аудандық

сайлау комиссиясының хатшысы                                           Г.Мамбеталина

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ereymen/documents/details/1083713?lang=kk