ҚАУЛЫ 2026 жылғы 13 қазандағы № 9

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жітіқара аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар кестесін бекіту, сондай-ақ аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын, сайлау округтерінің шекаралары мен сайлау комиссияларының орналасқан жерлері көрсетілген тізімдерін БАҚ-да жариялау туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысының 2-тармағына сәйкес, Жітіқара ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жітіқара аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының № 1 қосымшасы Жітіқара ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.

3. Округтік және аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын, сондай-ақ сайлау округтерінің шекаралары мен сайлау комиссияларының орналасқан жерлері көрсетілген тізімдерін заңда белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

                                  Төраға                                                                             Ж. Дарбаев

   

                                  Хатшы                                                                             Г. Джупанова

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/documents/details/1083612?lang=kk