Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69, 71-1-баптарына  сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» акционерлік қоғамына қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін Жітіқара ауданы, Большевик ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 2898,5856 және 8288,3912 гектар жер учаскелеріне 2031 жылғы 25 қарашаға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

                             Жітіқара ауданының

                                           әкімі А.                                                            Жаныспаев

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/documents/details/1083476?lang=kk