«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/99 «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Астрахан аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Комиссия төрагасы Б. Сагнаев
Комиссия хатшысы К. Кусаинов