Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандатты аумақтық сайлау округтерін құру туралы 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 39 Ақмола облысы Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысына өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандатты аумақтық сайлау округтерін құру туралы 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 39 Ақмола облысы Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Ақмола облысының Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақмола облысының Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Целиноград аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бір мандатты аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 39 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымша мынадай өзгерістер көзделе отырып, жаңа редакцияда жазылсын:

№ 1 бірмандатты аумақтық сайлау округінің құрамына № 797 және № 800 сайлау учаскелері енгізілсін;

№ 2 бірмандатты аумақтық сайлау округінің құрамына № 652 сайлау учаскесі енгізіліп, ол № 7 бірмандатты аумақтық сайлау округінің құрамынан шығарылсын;

№ 9 бірмандатты аумақтық сайлау округінің құрамына № 654, № 655 және № 801 сайлау учаскелері енгізілсін, бұл ретте № 654 және № 655 сайлау учаскелері № 10 бірмандатты аумақтық сайлау округінің құрамынан шығарылсын;

№ 10 бірмандатты аумақтық сайлау округінің құрамына № 802 сайлау учаскесі енгізілсін;

№ 13 бірмандатты аумақтық сайлау округінің құрамына № 667 сайлау учаскесі енгізіліп, ол № 14 бірмандатты аумақтық сайлау округінің құрамынан шығарылсын;

№ 15 бірмандатты аумақтық сайлау округінің құрамына № 768 сайлау учаскесі енгізілсін.

2. Осы қаулы Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында, сондай-ақ «Вестник Акмола» және «Есіл Нұра» газеттерінде орналастырылсын.

 

 

 

Сайлау комиссиясының  

төрайымы                                                                                            А. Айткужина

 

Сайлау комиссиясының  

хатшысы                                                                                                А. Рақымбек

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/documents/details/1083049?lang=kk