2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Науырзым аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар кестесін бекіту, сондай-ақ аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын, сайлау округтерінің шекаралары мен сайлау комиссияларының орналасқан жерлері көрсетілген тізімдерін БАҚ-да жариялау туралы

ҚАУЛЫ

2026 жылғы  13 қазандағы  № 14/19     

азақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысының 2-тармағына сәйкес, Науырзым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Науырзым аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының № 1 қосымшасы Науырзым ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.

3. Округтік және аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын, сондай-ақ сайлау округтерінің шекаралары мен сайлау комиссияларының орналасқан жерлері көрсетілген тізімдерін заңда белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Төраға                                                                         А. Ишутина

Хатшы                                                                        Ж. Романчук

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-naurzum-audany-akimat/documents/details/1083026?lang=kk