Қармақшы ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің өз өтініштері бойынша міндеттерін атқарудан босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қармақшы ауданының №1 округтік сайлау комиссиясының мүшесі Қошантаев Руслан Төлегенұлы өз өтінішіне сәйкес міндеттерін атқарудан босатылсын.
- Қармақшы ауданының №5 округтік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Құндақбаев Бостан Шегебайұлы өз өтінішіне сәйкес міндеттерін атқарудан босатылсын.
- Қармақшы ауданының №13 округтік сайлау комиссиясының мүшесі Табынбаева Жанар Табынбайқызы өз өтінішіне сәйкес міндеттерін атқарудан босатылсын.
- Қармақшы ауданының №99 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері Ақбергенова Айнұр Мұхамедиярқызы, Әлиева Гаухар Алтынбекқызы, Каирбаева Фатима Сабырхановна өз өтініштеріне сәйкес міндеттерін атқарудан босатылсын.
- Қармақшы ауданының №125 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Алимбаева Нургуль Кожантаевна өз өтініштеріне сәйкес міндеттерін атқарудан босатылсын.
- Осы қаулы Қармақшы аудандық мәслихатына, №1, №5, №13 округтік сайлау комиссияларына, №99, №125 учаскелік сайлау комиссияларына жолдансын және Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне жариялансын.
|
Төраға |
Р. Ефенов |
|
Хатшы |
Г. Жубаидаев |
Жосалы кенті
13 қазан 2026 жыл
№АСК-26/264