2026 жылғы 13 қазан Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы №5 ҚАУЛЫСЫ

2026 жылғы 13 қазан

Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

№5 ҚАУЛЫСЫ

 

 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

Жаңаарқа аудандық мәслихат депутаттарының

кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» №60/98 және «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» №60/99 қаулыларының негізінде Жаңаарқа аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жаңаарқа аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

Жаңаарқа ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                            М.Мукатаев

 

Жаңаарқа ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                            И.Даулетов

 

 

 

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhanarka/documents/details/1082919?lang=kk