ШЕШІМ РЕШЕНИЕ
Шахтинск қаласы город Шахтинск
13.10.2026 г. № 23
2026 жылғы 29 қарашаға
тағайындалған Шахтинск қалалық
мәслихаты депутаттарының кезектен
тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі
негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» қаулысына сәйкес Шахтинск қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Шахтинск қалалық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Шахтинск қалалық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын Шахтинск қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру жөніндегі округтік сайлау комиссияларына жолдансын.
- Осы шешім Шахтинск қаласының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
Шахтинск қаласының
аумақтық сайлау комиссиясының
төрағасы Д. Шинжанова