Тергеу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеу нәтижелері туралы ақпарат

 

  1.Тергеу жүргізудің негізі: Тіркеуге қатысты шұғыл хабарламалар: Диагноз: А 37 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 120, №121 шұғыл хабарламалар.

2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Тереңкөл  ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы»  РММ  

 3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) қатысқан жоқ

4.Тергеу жүргізу мерзімі 2026 жылғы 10 қыркүйектен  бастап 2026 жылғы  8 қазанға дейін.

5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Тереңкөл ауданының ауруханасы» ШЖҚ КМК, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі 88.

6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты

Қайталанған амбулаториялық қабылдаулар кезінде (10 күн жалпы интервалмен 3 рет жүгіну) аудандық аурухананың дәрігер-педиатры жұқпалы аурудың (көкжөтелдің) қатысты тиісті клиникалық сақтық танытпады, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № ҚР ДСМ-13 бұйрығымен бекітілген «Алдын алу егулері жүргізілетін жұқпалы аурулары бар науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 3-тармағын бұзу болып табылады.

7.Халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар – жеке тұлға.

8.Қабылданған шаралар: жеке тұлғаға айыппұл салынды.

 

 

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/documents/details/1082581?lang=kk