Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №152 шешімі
Шымкент қалалық мәслихат
депутаттарының кезектен тыс
сайлауын әзірлеу мен өткізу
жөніндегі негізгі іс-шаралардың
күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14 бабына сәйкес, Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Қоса беріліп отырған 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған, Шымкент қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім аумақтық және округтік сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
- Осы шешім сайлау комиссиясының интернет ресурсында жариялансын.
Төраға К. Кунанбаев
Хатшы У. Исабаева