«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 4-тармағына,
14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1, 3 - тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
2020 жылғы 11 қыркүйектегі №21/323 қаулысының негізінде Байзақ аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Байзақ аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №2 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1.1. Байзақ аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің саны 17 (он жеті) болып белгіленсін және шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Байзақ аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Байзақ аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ауыл жаңалығы» газетінде жариялансын.
- Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Б. Кошербаев
Хатшы А. Қосуақ