ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Қаратөбе ауылы №13 2023 жылғы 13 қазан
Қаратөбе ауданы бойынша
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған
Қазақстан Республикасының мәслихаттары
депутаттарының кезектен тыс сайлауын
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабына, 26-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98, №60/99 қаулыларына және Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №18 10/26 хаттамасына сәйкес Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қаратөбе ауданы бойынша 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін.
- Күнтізбелік жоспар сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін ауданның округтік және учаскелік сайлау комиссияларына жіберілсін.
- Осы қаулы Қаратөбе ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау төраға орынбасары
Е. Бакытжановқа жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға Б.Жүсіпқали
Хатшы Е. Ғабдраш