2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2026 жылғы 13 қазан

Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы

№ 9 ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

 

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарының

кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес  Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» № 60/98 және «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» № 60/99 қаулыларының негізінде Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.     2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2.     Осы қаулы Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

 

Ұлытау облысы аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                              А. Нысанбаев

 

Ұлытау облысы аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                              Т.Мацедон

 

 

 

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/documents/details/1082501?lang=kk