КАУЛЫ
№ 62/13 13 қазан 2026 ж.
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған
Қостанай облысы Алтынсарин ауданының мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары және аумақтық, округтік пен учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын, сайлау округтерінің тізімдерін, олардың шекаралары мен сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін БАҚ-та жариялау туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысының 2-тармағына сәйкес, Алтынсарин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Алтынсарин аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулының № 1 қосымшасы Қостанай облысының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
- Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын, сондай-ақ сайлау округтерінің шекаралары мен сайлау комиссияларының орналасқан жерлері көрсетілген тізімдерін заңда белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға С. Тарасова