|
Қобда аудандық мәслихат депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы |
|
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабына, 101-бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 қаулысын басшылыққа ала отырып, Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қобда ауданында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
- Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Төрағасы |
Б.Отаралова |
|
|
|
|
Хатшы |
М.Қожабекова |
13 қазан 2026 жыл
№67