Ұлытау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ №5
Ұлытау селосы 13 қазан 2026 жыл
Ұлытау ауданы мәслихатының депутаттарын кезектен тыс сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2 тармағына, 101-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ұлытау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Ұлытау ауданы мәслихатының депутаттарын кезектен тыс сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы «ULYTAU» аудандық газетінде және Ұлытау ауданы сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.
Төраға М.К.Ахметов
Хатшы С.Н.Шагирова