Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 3 қаулысы
Созақ аудандық мәслихаты
депутаттарының кезектен тыс
сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі
негізгі іс-шаралардың күнтізбелік
жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/99 қаулысын басшылыққа алып, Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Созақ аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Созақ аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларына жіберілсін.
- Осы қаулы Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және «Sozaq uni» газетінде жариялансын.
|
Төраға |
|
Т.Бекқұлы |
|
Хатшы |
|
Н.Қошқарбаев |