2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Жаңаөзен қаласы бойынша негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

№41

13 қазан 2026 ж.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабына сәйкес Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Қаулы етеді:

1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Жаңаөзен қаласы бойынша негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2. Округтік сайлау комиссияларына тиісті Күнтізбелік жоспарға сәйкес жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылсын.

3. Осы қаулы Жаңаөзен қаласының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Жаңаөзен қаласының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                    С.Мухаммедов

Жаңаөзен қаласының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                      Т.Тажибаева

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/documents/details/1082040?lang=kk