Қаражал қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауын өткізу жөніндегі күнтізбелік жоспарды бекіту туралы

 

 

Қаражал қаласы мәслихаты депутаттарының

сайлауын өткізу жөніндегі

күнтізбелік жоспарды бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2 тармағына, 101-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қаражал қаласы мәслихат депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулы Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.

 

 

Төраға                                                                 Е. Нүркен

 

 

Хатшы                                                                 С. Ким

 

 

 

 

№ 1 қаулы

2026 жылғы 13 қазан

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-karazhal/documents/details/1082022?lang=kk