2026 жылғы 13 қазанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мәселелері бойынша Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 12 қазандағы Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 12 қазандағы №60/98 қаулысына сай Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалды.
Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясының отырысында 3 мәселе қаралды.
1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы;
2. Сайлау инфрақұрылымы туралы: комиссиялардың құрамдары, округтер, олардың тізімдерін жариялау, сондай-ақ сайлаушыларды сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы хабардар ету;
3. Учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекіту туралы.
Жаңақорған ауданында барлығы 60 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 1 аумақтық, 2 облыстық, 15 округтік және 42 учаскелік сайлау комиссиясы бар.
Аталған комиссиялардың құрамында жалпы 364 мүше қызмет атқарады. Атап айтқанда, аудандық сайлау комиссияларында – 7, облыстық – 10, округтік комиссияларда – 75, учаскелік комиссияларда 272 комиссия мүшесі бар.
Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясы