2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Махамбет аудандық мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» 2026 жылғы 13 қазандағы №60/99 қаулысы негізінде Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Махамбет аудандық мәслихаты мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы Махамбет аудандық округтік және учаскелік сайлау комиссияларына сайдауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
3. Осы қаулы Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
Р.Тұрдағали
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы
М.Қабдол
Махамбет ауылы
2026 жылғы 13 қазан
№ 5 қаулы