«Сарысу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Сарысу аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 4-тармағына,
14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1, 3 - тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі №21/323 қаулысының негізінде Сарысу аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Сарысу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №1 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1.1. Сарысу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің саны 12 (он екі) болып белгіленсін және шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Сарысу аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Сарысу аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Сарысу» газетінде жариялансын.
- Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Д. Шортанбаев
Хатшы М. Кумісбеков
Жаңатас қаласы,
13 қазан 2026 жыл
№9