Атырау облысындағы округтік
сайлау комиссияларының
жұмыс кестесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 «Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» қаулысына сәйкес Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Атырау облысындағы округтік сайлау комиссияларында мынадай жұмыс кестесі белгіленеді:
- Жұмыстың басталуы 09 сағат 00 минут, түскі үзіліссіз, жұмыстың
аяқталуы 18 сағат 00 минут.
- Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
- Осы қаулы қалалық және аудандық аумақтық және облыстағы барлық округтік сайлау комиссияларына жіберілсін.
- Осы қаулы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға А.Қыстаубаева
Хатшы А.Аманжулова
Атырау қаласы
2026 жылғы «13» қазан
№ 9