Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
№11 13 қазан 2026 жыл
Отырар аудандық мәслихаты
депутаттарының кезектен тыс
сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі
негізгі іс-шаралардың күнтізбелік
жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысын басшылыққа алып, Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Отырар аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Отырар аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларына жіберілсін.
- Осы қаулы Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
|
Төраға |
|
Н.Жубаев
|
|
Хатшы |
|
Ұ.Серікбай |