«Шу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1, 3 - тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Шу аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Шу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №2 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1.1. Шу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің саны 17 (он жеті) болып белгіленсін және шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Шу аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Шу аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шу Өңірі» газетінде жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Е.Вахитов
Хатшы Н.Дильдан
Төле би ауылы,
13 қазан 2026 жыл
№15