Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі
Қармақшы ауданы (2026 жыл)
|
№ |
Мемлекеттік орган атауы |
Сыбайлас жемқорлық тәукеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері деңгейі |
|
1 |
«Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Аудан әкімі аппаратының кадр жұмысы (персоналды басқару) бөлімінің маманы |
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларының 27-тармағына сәйкес тәртіптік теріс қылықтың түрлерін айқындап, нәтижесімен тәртіптік жаза қолдану көзделген. Мәселен, мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасаған сәтте алынбаған тәртіптік жазасы болса, заңнама талаптарына сәйкес қатаң жазалар қолдану көрсетілген. Алайда, персоналды басқару қызметінің маманы тәртіптік жаза қолдану барысында бұл талаптары қасақана немесе абайсыздан есепке алмаған жағдайда мемлекеттік қызметшіге жеңіл тәртіптік жаза қолдануға мүмкіндік туындайды. |
Бұндай деректер соңғы 3 жылда орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары. |
|
2 |
« Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің Байқоңыр қаласы бойынша секторының маманы |
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларының 27-тармағына сәйкес тәртіптік теріс қылықтың түрлерін айқындап, нәтижесімен тәртіптік жаза қолдану көзделген. Мәселен, мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасаған сәтте алынбаған тәртіптік жазасы болса, заңнама талаптарына сәйкес қатаң жазалар қолдану көрсетілген. Алайда, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің Байқоңыр қаласы бойынша секторының маманы тәртіптік жаза қолдану барысында бұл талаптары қасақана немесе абайсыздан есепке алмаған жағдайда мемлекеттік қызметшіге жеңіл тәртіптік жаза қолдануға мүмкіндік туындайды. |
Бұндай деректер соңғы 3 жылда орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары. |
|
3 |
« Қармақшы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
- |
- |
- |
- |
|
4 |
« Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Бас маман |
ҮЕҰ өкілдеріне арналған мемлекеттік сатып алуды өткізу |
ҮЕҰ өкілдеріне арналған мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде техникалық ерекшелікті белгілі бір қоғамдық бірлестікке арнвп жариялау (Мысалы жұмыс тәжірибесі жұмыс өтті т.б) |
Мұндай деректер орын алмады. Дегенмен алдағы уақытта орын алу ықтималдылығы бар |
|
5 |
« Қармақшы аудандық экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Экономика және бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы; Аудандық бюджеттің атқарылуы және коммуналдық меншікті басқару бас маманы.
|
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
Бюджеттік жоспарлау және бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 75-бабына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымы мемлекеттік органның функциялары мен өкілеттіктерін іске асыруды, даму жоспарының тиісті мақсаттары мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуді немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларын іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін және бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар көлемдерін негіздеуді қамтиды. Осыған байланысты бюджеттік өтінімдерде көрсетілген есептеулердің, шығыстардың негіздемелерінің және жоспарланған көрсеткіштердің дұрыстығын бағалау кезінде субъективті шешім қабылдау, жекелеген бюджеттік бағдарламаларға немесе шығыстарға негізсіз басымдық беру тәуекелі туындауы мүмкін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қолданыстағы редакциясына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының мақсаттарына, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу олардың іске асырылуы және мониторингі арқылы қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты бюджеттік бағдарламалардың орындалуы және нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілуі туралы ақпаратты талдау кезінде ақпараттың толықтығын, сапасын және анықтығын объективті бағаламау тәуекелі туындауы мүмкін. Аудандық бюджеттің атқарылуын талдау және мониторингтеу кезінде бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың орындалуы және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілуі туралы мәліметтерді бағалау лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіктеріне жатады. Осыған байланысты көрсетілген ақпаратты толық және объективті тексермеу, анықталған ауытқуларды тиісінше көрсетпеу немесе бюджет қаражатының игерілуі туралы ақпаратты бұрмалау тәуекелі туындауы мүмкін. Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқару және оны мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары қолданылады. Аталған Қағидалардың 4-тармағына сәйкес баланс ұстаушы артық және пайдаланылмайтын объектілерді жалға беру үшін жалға берушіге объект туралы ақпарат береді және объект туралы ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етеді. Жалға беруші ұсынылған ақпаратты бес жұмыс күні ішінде қарайды және объектіні жалға беру немесе беруден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды. Осыған байланысты мемлекеттік мүлік объектілері туралы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету, объектіні жалға беруге ұсыну және ұсынылған ақпаратты қарау барысында субъективті шешім қабылдау, жекелеген тұлғаларға немесе ұйымдарға артықшылық беру, сондай-ақ заңнама талаптарын біркелкі қолданбау тәуекелі туындауы мүмкін. Аталған тәуекелдер лауазымды тұлғалардың өздеріне берілген қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде шешім қабылдаудың объективтілігі мен ашықтығын сақтамауы, құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын тиісінше тексермеуі, сондай-ақ белгіленген заңнама талаптарын әртүрлі қолдануы жағдайында туындауы мүмкін. |
Сонымен бірге, талдау барысында 2022–2025 жылдар және 2026 жылдың қаңтар–маусым айлары аралығында аталған сипаттағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің іске асу фактілері анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің деңгейі – төмен.
|
|
6 |
« Қармақшы аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» КММ |
Аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің бас маманы
|
Аудандық спорт бөліміне қарасты үйірмелерге қатысатын балалардың құжаттарын қабылдайды
|
Өтініш беруші мен бөлімнің бас маманы арасында жүзбе-жүз байланыс болып, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болу ықтималдығын жоғарылатады
|
Бұндай деректер соңғы 3 жылда орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары. |
|
7 |
« Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ |
Мәдениет үйлері басшылары |
Мәдениет үйлері ақылы қызметті орындау барысында көрермендер затын, музыкалық жабдықтарды жалға беру |
Көрермендер залын, музыкалық жабдықтарды жалға беруі мен жалға алушы арасында жүзеге жүз байланыс болып, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болу ықтималдығының жоғарылауатыны |
Бұндай деректер соңғы 3 жылда орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары. |
|
8 |
« Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» КММ |
Бас маман (маман) |
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
Қағидаға сәйкес қызмет көрсетудің кеңсесі арқылы көрсетіледі, сол себепті қызмет алушы мен қызмет көрсетуші арасында тікелей байланысты болуы және қызмет көрсету барысында артықшылықтар орын алуы ықтимал |
2025 жылы және 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында мұндай жағдай орын алмаған. Дегенмен алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі ықтимал. |