Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №6 «Тарбағатай аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

2026 жыл 08 қазандағы  № 25                                                                                             

 

 

Тарбағатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №6  «Тарбағатай аудандық  мәслихат депутаттарын сайлау бойынша  аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

        «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 9-бабының 3-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» қаулысының негізінде Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №6 «Тарбағатай аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша  аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы  Тарбағатай аудандық мәслихатына жіберілсін.

3. Осы қаулы Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.

4. Осы қаулы  қабылданған күнінен бастап  қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 Төраға                                                                              Ж. Ашмуханова

 

 

 Хатшы                                                                              З. Таханова

 

 

 

 

 

                                                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                 Сайлау комиссиясының

                                                                                2026 жылғы 08 қазандағы № 25 қаулысына

 қосымша

 

 

                                                                                                                                                  Сайлау комиссиясының

                                                                            2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 6 қаулысына

 қосымша

 

Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша

бір мандатты аумақтық сайлау округтерінің шекаралары

 

№ 1 сайлау округі

                  Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылы, Буланбаев көшесі, №3, Тарбағатай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақжар мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Жаңаауыл мәдениет үйінің ғимараты.

             Шекаралар: Ахметбұлақ, Жаңаталап, Жаңаауыл, Сарыөлең ауылдарының аумағы.

             Сайлау учаскелері кіреді: № 897, № 898, № 899, № 900

 

№ 2 сайлау округі

                  Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылы, Дәулетбай көшесі, №20,  Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

             Шекаралар: Бозша, Маңырақ, Жаңалық ауылдарының аумағы.

             Сайлау учаскелері кіреді: № 901, № 902, № 903.

 

№ 3 сайлау округі

                 Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, Байжігіт көшесі, № 65, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

             Шекаралар: Ақжар ауылының аумағы.

             Сайлау учаскелері кіреді: № 905, № 953.

 

№ 4 сайлау округі

                Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, Жамбыл көшесі, №17, Тарбағатай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақжар мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимараты.

            Шекаралар: Ақжар ауылының аумағы.

            Сайлау учаскелері кіреді: № 906, №1196.

 

 

№ 5 сайлау округі

               Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, Қабанбай көшесі,  № 29,  Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. 

             Шекаралар: Ақжар ауылының аумағы.

             Сайлау учаскелері кіреді: № 907.

 

№ 6 сайлау округі

                Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылы, Билялов көшесі, № 1. Тарбағатай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақжар мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Жетіарал мәдениет үйінің ғимараты.

             Шекаралар: Жетіарал, Асусай, Қамысты, Жанғызтал, Жамбыл ауылдарының аумағы.

             Сайлау учаскелері кіреді: № 908 , № 909, № 910, № 911, № 914.

 

№ 7 сайлау округі

                Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылы, Торайғыров көшесі 16/1, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қасым Қайсенов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

            Шекаралар: Құйған, Жалаңаш, Шолақорда, Қарасу ауылдарының аумағы.

            Сайлау учаскелері кіреді: № 912, № 913, № 915, № 916.

 

№ 8 сайлау округі

                Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылы, Қабанбай  көшесі 1. Тарбағатай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақжар мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Қабанбай клуб үйінің ғимараты.

            Шекаралар: Ақмектеп, Қарой, Тәуке, Қабанбай, Шорға  ауылдарының аумағы.

            Сайлау учаскелері кіреді: № 917, № 918, № 919, № 920, № 923.

 

№ 9 сайлау округі

               Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы, Желтоқсан көшесі, № 7,
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
.

            Шекаралар: Тұғыл, Байтоғас ауылдарының аумағы.

            Сайлау учаскелері кіреді: № 924, № 927.

 

№ 10 сайлау округі

                  Округтік  сайлау комиссиясының орналасқан жері:

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы, Желтоқсан көшесі, № 12, Тарбағатай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақжар мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Тұғыл мәдениет үйінің ғимараты.

             Шекаралар: Шеңгелді, Қазақстан, Тұғыл  ауылдарының аумағы.

             Сайлау учаскелері кіреді: № 921, № 922, № 925.

 

№ 11 сайлау округі

                Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы, Алтынсарин көшесі №23, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

            Шекаралар: Тұғыл , Жаңатілеу  ауылдарының аумағы.

            Сайлау учаскелері кіреді: № 926, № 904

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tarbagatay/documents/details/1081242?lang=kk