Аудандық мәслихаттың
қырық тоғызыншы сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың қырық тоғызыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі туралы.
- Ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыс объектілерінің және коммуналдық тұрғын үй қорының 2026-2027 жылдағы қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы.
- Ауданның мемлекеттік кірістер басқармасының, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 45 сессиясының 2026 жылғы 05 мамырдағы №45/05 «Бұқар жырау ауданының бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 39 сессиясының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №39/04 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 39 сессиясының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №39/06 «2026-2028 жылдарға арналған ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Бұқар жырау ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
- Бұқар жырау ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 41 сессиясының 2026 жылғы 23 ақпандағы №41/04 «Жер комиссиясының құрамын және Жер комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.
- Әлеуметтік сала, ішкі саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
Мәслихат төрағасы А. Әли