2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалған Ақжарма ауылдық округі әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес және Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №95/162 «Ақжарма ауылдық окргі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысы негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы кент сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, кемінде 14 (он төрт) қол санында белгіленсін.

2. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.

3. Осы қаулы Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 

Қалалық сайлау

комиссиясының төрағасы           Ғ. Баймырзаев

 

Қалалық сайлау

комиссиясының хатшысы          К. Насибеков

 

12.10.2026 ж. №169 қаулысы

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/documents/details/1080932?lang=kk