Халықтыңсанитариялық- эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына 7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: «Тағамдық токсиконфекция» диагнозымен 01.07.2026ж. келіп түскен шұғыл хабарлама
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасы» РММ
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): Тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:01.07.2026 жылдан бастап 29.07.2026 жылға дейін.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Гейдаров С.С.» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі асхана
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарыныңсебептері мен сипаты:
Асхананың эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс жасауына байланысты /ҚР 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі 19-бап, 1-тармақ, 1-тармақша/.
Азық-түлік шикізатының барлығы асхана әкімшілігі тарапынан қабылдау, сақтау кезінде қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттамамен, сондай-ақ қауіпсіздікті растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттарынсыз қабылданған /ҚР ДСМ №16 СҚ 96-тармақ/.
Сонымен қатар, нысанда дезинсекциялау және дератизациялау іс-шаралары атқарылмаған /ҚР ДСМ №16 СҚ 67-тармақ/.
Нысанда өндірістік бақылау бағдарламасы ұйымдастырылып, жасақталмаған /ҚР ДСМ №16 СҚ 279-тармақ/.
Асхананың барлық үй-жайлары оның тамақтану залы, ас тарату бөлмесі, қойма, ыстық цехтың жарлары көгерген, төбесінен аққан су іздері, қабырғаларының сылақтары түскен, еденде кафель сынған және де жөндеу жұмыстарын қажет етеді / ҚР ДСМ №16 СҚ 17-тармақ/.
Тоңазытқыш жабдығы, тоңазытқыш камералары термометрлермен, тамақ өнімдерін сақтаудың температуралық режимін автоматты бақылау және тіркеу құралдарымен жарақталмаған / ҚР ДСМ №16 СҚ 107-тармағы, 1-тармақшасы бұзылған.
Санитариялық бактериологиялық зертхана бойынша:
- патогендік флораға 6 - шайынды үлгісі іріктелді, 07.07.2026 жылғы №2260002188041274 шайындыларды микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, нәтижесінде 2 E.coli (№30 с раковина, №31 с крана раковина) анықталды.
- ІТТБ - 22 шайынды үлгісі іріктелді, 05.07.2026 жылғы №2260002188041526 санды шайындыларды микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, нәтижесінде 12 сәйкессіздік (№1 обеденный зал, №3 большой стол, №5 вилка, №7 раздатка, №8 рабочий стол, №9 тележка, №10 тарелка для первый блюд, №12 большая тарелка, №15 с половника, №17 с внутри холодильника, №21 серый холодильник большой, №22 из большой кастрюли) анықталды;
- алтын түстес стафилококкқа – 7 шайынды үлгісі іріктелді, 05.07.2026 жылғы №2260002188041526 санды шайындыларды микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, нәтижесінде 3 сәйкессіздік (№23 Майорова В.В с рук шеф.повара, №24 Байер А.В с рук пом.повара, №29 Турганбаевас рук пом.повара) анықталды.
- 1 су сынамасы іріктелді, сәйкессіздік анықталмады.
Тексеру барысында Атырау қаласы, Зейнолла Қабдолов көшесі, 1Б үй мекен-жайында орналасқан ЖК «Гейдаров С.С.»-ға қарасты асханасында басшысымен бекітілген ас мәзірі және тәуіліктік сынамасы тексеріске ұсынылмады. / №16 ҚР ДСМ СҚ 161, 282 тармақтары/. Тексеру кезінде түскі асқа тұтынылған, улануға күдік туғызған тағамдардың қалдығы болмағандықтан, зертханалық зерттеу жүргізу мақсатында төмендегідей тағам сынамалары алынды. (піскен тауық еті, салатқа арналған сәбіз, піскен макарон, фарш етінен тұздық, қайнатылған картоп)
05.07.2026 жылғы №2260002188044664 тамақ өнімдерін микробиологиялық зерттеу хаттамаларына сәйкес
№1 Піскен тауық еті үлгісінен мезофильді аэробты факультативті-анаэробты микроорганизмдер (МАФАМс) 300*103, ішек таяқшасы тобындағы бактериялар (ІТТБ) 1,0г сәйкессіздік анықталды.
№2 Сәбіз салаты үлгісінен мезофильді аэробты факультативті-анаэробты микроорганизмдер (МАФАМс) 300*103 сәйкессіздік анықталды.
№3 Піскен макарон мезофильді аэробты факультативті-анаэробты микроорганизмдер (МАФАМс) 300*103, ішек таяқшасы тобындағы бактериялар (ІТТБ) 1,0г сәйкессіздік анықталды.
№4 Фарш етінен тұздық үлгісінен мезофильді аэробты факультативті-анаэробты микроорганизмдер (МАФАМс) 1*10 ішек таяқшасы тобындағы бактериялар (ІТТБ) 1,0г сәйкессіздік анықталды.
Сонымен қатар, санитариялық химиялық зертханаға 1 су сынамасы іріктелді, сәйкессіздік анықталмады.
Аталған нысанда барлығы 5 қызметкер және жеке кәсіпкер жұмыс жасағаны анықталды (олар жкке кәсіпкер, нысан иесі Гейдаров Сархан Саяддин оглы, 1 аспазшы Майорова Виктория Владмировна, 2 аспаз көмекшісі Байер Алевтина Вылеславовна, ыдыс жуушы Кузембаева Альфия Амангельдиевна, аспаз көмекшісі Турганбаева Айымгүл, аспаз көмекшісі Рашид Нургул Рашитовна). Барлық 6-нан да бактериологиялық тасымалдаушылыққа тік ішек бойынан және мұрын қуысынан жұғындылар алынды.
05.07.2026 жылғы №2260002188057447 санды тасымалдаушылыққа микробиолоиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, ыдыс жуушы Кузембаева Альфия Амангельдиевнадан патогенді стафилококк (St.aureus) 1000 KOE сәйкессіздік анықталды.
05.07.2026 жылғы №2260002188046803 санды тасымалдаушылыққа микробиолоиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, жеке кәсіпкер нысан иесі Гейдаров Сархан Саяддин оглыдан патогенді стафилококк (St.aureus) 1000 KOE сәйкессіздік анықталды.
Аталған қызметкерлердің жұмыс істеуге рұқсат белгілері бар жеке медициналық кітапшалары жұмыс орнында сақталмаған, тексеріске ұсынылмады. Жеке кәсіпкер аталған қызметкерлермен еңбек шарттарын жасаспағаны анықталды.
Тексеріс барысында жеке медициналық кітапшалары жоқ екендері анықталды /16 СҚ 295-тармақ.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Заңды тұлға
- Қабылданған шаралар:
1.Жұмыстан уақытша шеттету жөнінде жеделден қою шараларын қолдану Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №31 ҚАУЛЫСЫ
2.Бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, өткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау бойынша қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне (процесстер,әрекеттер) тыйым салу жөнінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №19 ҚАУЛЫСЫ
3.Жұмыстан уақытша шеттету жөнінде жеделден қою шараларын қолдану Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №29 ҚАУЛЫСЫ
4.Бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, өткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау бойынша қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне (процесстер,әрекеттер) тыйым салу жөнінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №20 ҚАУЛЫСЫ
5.01.07.2026 жылы Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына «Тағамдық токсикоинфекция» диагнозымен ауырған 7 науқасқа қатысты келіп түскен шұғыл хабарламаға байланысты, 01.07.2026 – 29.07.2026 жыл кезеңі аралығында Атырау қаласы, Зейнолла Қабдолов, 1Б мекенжайында орналасқан асханаға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы №119 тергеуді тағайындау туралы акті шығарылды. Нәтижесінде, ҚРӘҚБт Кодексінің 425-бабының, 2 тармағы негізінде Атырау облысы Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөнінде мамандандырыған сотына жолданды.
- Атырау қаласы ПБ-ның №1 ҚПБ-нің бастығы полиция подполковнигі Ж.Садировқа 10.07.2026 жылы «Гейдаров С.С.» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі Зейнолла Қабдолов 1Б мекен-жайында орналасқан асханаға тағайындалған тексеріс бойынша қылмыстық құрамның бар немесе жоқ болуына қатысты № 24-23-15-2-26/1113-И санды сұраныс хаты жіберілді.