Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына мынадай мәселелер енгізілсін:
- 2027-2029 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.
Баяндамашы: Шүгірмақова Алмагүл Қайырлықызы - Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
- Ақмола облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Баяндамашы: Шүгірмақова Алмагүл Қайырлықызы - Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
- Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы есеп.
Баяндамашы: Сыздықов Саят Төлегенұлы - Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
Ақмола облыстық
мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов