«Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 21 қазандағы
    № А-10/480 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5106 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген  бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің қосымшасы осы бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

  1. ОсыбірлескенАқмолаоблысыәкімдігініңқаулысыжәнеАқмолаоблыстықмәслихатының шешімі алғашқыресмижарияланғанкүніненкейінкүнтізбелікон күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облысының әкімі                                                      М. Ахметжанов

 

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                      Б. Жүсіпов

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/documents/details/1080445?lang=kk