2026 жылы Рудный қаласы азаматтарын әлеуметтік қорғауға бағытталған барлық бағдарламаларды іске асыруға 2 481,1 млн теңге бөлінді, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1 667,6 млн теңге немесе 67,2 % пайдаланылды.
2026 жылы аз қамтылған халыққа әлеуметтік қолдаудың түрлі түрлерін тағайындау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 336,6 млн теңге бөлінді, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша игеру 2 21,1 млн теңгені құрады, оның ішінде:
· Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК): табысы кедейлік шегінен төмен отбасылар қатарынан 596 адамға 74,8 млн теңге сомасында көрсетілді;
· Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек: 1 273 алушыға 119,9 млн теңге сомасында көрсетілді;
· Мүгедектігі бар балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға материалдық қамтамасыз етуге арналған әлеуметтік көмек: 77 кәмелетке толмаған балаға жалпы сомасы 13,0 млн теңге төленді;
· Тұрғын үй көмегі (тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалатын шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5%-дан асатын отбасыларға көрсетіледі): 250 отбасына 13,4 млн теңге сомасында төленді.
Абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігінің ұсынымдарын орындау жөніндегі іс-шараларға 2026 жылға жергілікті және облыстық бюджет қаражатынан 783,6 млн теңге бөлінді, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 564,8 млн теңге игерілді, оның ішінде:
· Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар 26 адам үшін жеке көмекшінің қызметі 28,8 млн теңге сомасында көрсетілді;
· Есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар 35 адам үшін ымдау тілі маманының қызметі 9,2 млн теңге сомасында көрсетілді;
· Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар 1 017 адам 321,1 млн теңге сомасына міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді;
· Мүгедектігі бар 53 адам 13,7 млн теңге сомасына сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді;
· Мүгедектігі бар 103 адам 31,5 млн теңге сомасына тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді;
· Мүгедектігі бар 324 адам 111,1 млн теңге сомасына санаторий-курорттық емдеумен қамтылды;
· Мүгедектігі бар 54 адам 14,5 млн теңге сомасына кресло-арба алды;
· Мүгедектігі бар 375 адам 34,9 млн теңге сомасына протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.
2026 жылы инватакси қызметіне 116,8 млн теңге бөлінді, тиісті ұсынымы бар мүгедектігі бар 151 адам қызметті пайдаланды, бұл мақсаттарға 67,0 млн теңге жұмсалды.
Сондай-ақ «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен екі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс іске асырылуда, бөлінген қаражат сомасы 6,4 млн теңгені құрайды, оның 1,8 млн теңгесі пайдаланылды. Екі шарт жасалды:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін — 1,6 млн теңге;
2. Мүгедектігі бар адамдар үшін — 4,8 млн теңге (19 адам қызмет алды).
Рудный қаласында мүгедектігі бар адамдар мен жалғыз тұратын қарт азаматтар үшін «Рудный әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ (бұдан әрі – аумақтық орталық) жұмыс істейді. Аумақтық орталықтың жұмысы алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағытталған, оның ішінде:
· Үйде күтім жасау бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерді 396 қарт және бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар 57 адам алды;
· Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтерді психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар 33 бала және 18 жастан асқан мүгедектігі бар 62 адам алды;
· Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді психоневрологиялық аурулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған 74 бала алды;
· Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар 22 адам алды.
Аумақтық орталықты ұстауға 2026 жылға 717,4 млн теңге бөлінді. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 474,8 млн теңге игерілді.
Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін Рудный қаласында жобалық сыйымдылығы 120 орындық, оның ішінде тәулік бойы болу үшін 87 орын, түнгі бөлімшеде 13 орын және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары деп танылған адамдар үшін 20 орындық «Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды ресоциализациялау орталығы» КММ (бұдан әрі - Ресоциализациялау орталығы) жұмыс істейді.
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Ресоциализациялау орталығына 3 035 адам жүгінді, оның ішінде түнгі бөлімшеге – 2 814 адам, тәулік бойы болу бөлімшесіне – 186 адам, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне – 35 адам (оның ішінде 19-ы кәмелетке толмағандар).
Есептік кезеңде қызмет алушыларға келесі көмектер көрсетілді:
· ҚР жеке куәлігін алды – 23 адам;
· Тұрақты жұмысқа орналастырылды – 30 адам;
· Зейнетақы мен жәрдемақыларды ресімдеуге көмек көрсетілді – 24 қызмет алушыға;
· Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына тұрақты тұруға ресімделді – 16 адам;
· Мүгедектік тобын ресімдеуге көмек көрсетілді – 15 қызмет алушыға.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды ресоциализациялау орталығын ұстауға 2026 жылы 378,5 млн теңге бөлінді. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 239,3 млн теңге игерілді.
Сондай-ақ, Рудный қаласында Отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы (бұдан әрі – Орталық) құрылды. Бұл мекеме жұмысының мақсаты отбасы институттарын әлеуметтік қолдау және қорғау болып табылады. Орталықта зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан күрделі жағдайға тап болған қауіп топтарындағы адамдарға қызмет көрсетіледі, сондай-ақ белсенді ұзақ өмір сүру бағыты бойынша жұмыстар жүргізіледі.
2026 жылғы 1 қазанға өмірлік ауыр жағдайға тап болған 6 отбасына (барлығы 23 адам, оның ішінде 15 кәмелетке толмаған бала) алты айдан аспайтын мерзімге тәулік бойы тұрумен уақытша болу мүмкіндігі берілді.
Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильді топ 58 отбасын (барлығы 257 адам, оның ішінде 151 кәмелетке толмаған бала) сүйемелдеуге алды.
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша FSM Social мобильді қосымшасы арқылы 588 өтініш тіркелді:
· 442 адам Орталыққа өз бетінше жүгінді;
· 146 жағдайда ақпаратты Орталыққа мемлекеттік органдар берді.
2026 жылғы 1 қазанға белсенді ұзақ өмір сүру бағытында зейнеткерлік жастағы 841 адам тіркелген. Орталық 194 іс-шара өткізіп, оған 6 841 адам қатысты.
Орталықты ұстауға 2026 жылға 141,8 млн теңге бөлінді. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 98,8 млн теңге игерілді.
Әлеуметтік қолдау көрсету шараларынан бөлек, Рудный қаласында азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне тарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Бұл жұмысты «Қостанай облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ-нің «Рудный қаласының мансап орталығы» филиалы жүзеге асырады. 2026 жылдың тоғыз айында жұмысқа орналасуға көмек сұрап 4 538 адам жүгінді, оның ішінде 1 690 жұмыссыз жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды, соның ішінде:
· Бос жұмыс орындарына 665 адам жұмысқа орналастырылды;
· Әлеуметтік жұмыс орындарына 79 адам жіберілді;
· Жастар практикасына 45 адам жіберілді;
· Қоғамдық жұмыстарға 138 адам жіберілді;
· «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасуға 49 адам жіберілді;
· Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқуға 42 адам жіберілді;
· Жұмыс орнында оқуға 24 адам жіберілді;
· Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 17 адам грант алды;
· «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 243 адам оқытылды;
· Электрондық еңбек биржасы порталында Skills онлайн оқытуына 388 адам жіберілді.
Халықты әлеуметтік қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар қаламыздың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етеді, жүгінген азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартады.