Тергеу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеу нәтижелері туралы ақпарат 

1.Тергеу жүргізудің негізі - 2026 жылғы 7 шілдедегі  № 101 шұғыл хабарлама,  диагноз: А37 коды.

2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Тереңкөл  ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы»  РММ 

 3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) -қатыстырылған  жоқ

4.Тергеу жүргізу мерзімі - 2026 жылғы 9 шілдеден  бастап   2026 жылғы  6 тамызға дейін.

5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар - «Тереңкөл аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, дәрігерлік  амбулатория, Береговое ауылы, Намазбаев көшесі, 7-үй.

6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты -  баланың екі айлық жасында медицина қызметкерлері тарапынан міндетті профилактикалық егуге уақтылы шақырылғаны туралы мәлімет жоқ, бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен бекітілген «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, сондай-ақ осындай егулер жүргізілетін қағидаларды, мерзімдерді және халық топтарын бекіту туралы»  қосымшасының 3-тармағын бұзу болып табылады.

7.Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар - жеке тұлға.

8.Қабылданған шаралар - жеке тұлғаға айыппұл салынды.

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/documents/details/1053366?lang=kk