Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 31.08.2026 ж.- 30.09.2026 ж.

 

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

1.Тергеп –тексеру негізі:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабына, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-3-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № 46 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы тамыз айында бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу нәтижелері бойынша 2026 жылғы 26  тамыз  № 19 актінің және 2026 жылғы №2260001068554676 25.08.2026 ж,№2260001068554654 25.08.2026 ж. (г.) зертханалық сынақ хаттамасының негізінде төмендегілер анықталды.

Жеке кәсіпкер «Сулейманова.Х» мекенжайы: Жылыой ауданы,Құлсары қаласы, жаңа Беркад базары , «hazimat brand» дүкені, 425 дүңгіршік  , ЖСН 690601402190. Өнім: «AYLINUR»  қыз балаларға арналған мектеп жейдесі 42-54 өлшем. Өндіруші: Кыргызстан, Бишкек Чуй 226/1.1 дана.        Шығарылған күні көрсетілмеген. Өнім: «Бегимай»  қыз балаларға арналған мектеп белдемшесі,42 өлшем, Өндіруші: Кыргызстан,Бишкек, Сеченова 56. Шығарылған күні көрсетілмеген.

  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы:

Жылыой аудандық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

  1. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):

Сарапшылар тартылған жоқ.

  1. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:

31.08.2026 ж.- 30.09.2026ж.

  1. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:

ЖК «Сулейманова.Х»  

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы

нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты :

Тергеп-тексеру барысында өнімнің сәйкестігін бағалау құжаттары тексерілді. Тексеруге өнімнің қадағалануын қамтамасыз ететін ілеспе құжаттар, атап айтқанда жеткізуші ұсынған сәйкестікті бағалау құжаттары мен жүкқұжат ұсынылмады.

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар : Бұзушылық анықталған жоқ.
  2. Қабылданған шаралар : Бұзушылық анықталған жоқ.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/documents/details/1079579?lang=kk