Амангелді аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №190 «Амангелді ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің жобасына түсіндірме жазба

 

р/с

№

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Ескерту

1

Аудандық маслихат шешімінің атауы

Мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №190 «Амангелді ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2

Әзірлеуші - мемлекеттік орган

 «Амангелді ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3

Шешімді қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағы;

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 29 қыркүйектегі №160 бұйрығы

4

Президенттің, ҚР Үкіметтің қандай заңнамалық актілерін, басқа актілерді немесе тапсырмаларды іске асыру мақсатында шешім енгізіледі

«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабы 5-тармағы, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығы

5

Нақты мақсаттары мен күтілетін нәтижелердің  мерзімдері

2026 жылы мамандарға бюджеттік кредит және көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсету

6

Шешім қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Шешімнің қабылдануы жағымсыз, әлеуметтік-экономикалық және/ немесе құқықтық салдарларды тудырмайды

7

Шешімді іске асыруға байланысты болжанатын қаражаттық шығындар

2026 жылға жоспарланған қаражат көлемі:

1.                 Тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер – 54 062,0 мың теңге;

2.                 Көтерме жәрдемақы төлеу үшін – 12 975,0 мың теңге.

         Берілетін бюджеттік кредит көлемі сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісіне байланысты болады. Егер сатып алынатын тұрғын үйдің құны берілетін бюджеттік кредит мөлшерінен асқан кезде маман тарапынан қоса қаржыландыруға жазбаша келісім болған жағдайда бюджеттік кредиттің шекті мөлшері көлемінде (2500 АЕК ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге, 2000 АЕК ауылдық елді мекендерге) беріледі, егер сатып алынатын тұрғын үйдің құны берілетін бюджеттік кредиттің шекті мөлшерінен аспаған жағдайда тұрғын үйді бағалау актсінде көрсетілген сомаға сәйкес бюджеттік кредит тұрғын үй сатып алуға беріледі.

Көтерме жәрдемақы мөлшері 100 айлық есептік көрсеткішке тең.

Бюджеттік кредит 5 маманға жоспарланған. Көтерме жәрдемақы төлеу 30 маманға жоспарланған.

8

Шешімде көрсетілген мәселелерден өз құзыретіне кіретін  мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себептері

Қажетті бұрыштамалар бар

9

Шешімде қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілер жөніндегі мәліметтер және олар қалай орындалды

Жоқ

10

Шешімге сәйкес, басқа актілердің келтірілу қажеттігі

Жоқ

11

Өзге де мәліметтер

Жоқ

 

 

     «Амангелді ауданы әкімдігінің

         экономика және бюджеттік 

  жоспарлау бөлімі» КММ басшысы                                         М. Сакетов

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-amangeldi-audany-akimat/documents/details/1079223?lang=kk